+7 (778) 944 00 66

в Атырау +7 (701) 944 00 60

« Назад ко всем отзывам
Орналиева Элеонора (25.04.2016г.)

ОНУР ТРЭВЕЛ турагенттігі арқылы Біріккен Араб Әмірлігі (Шарджа) еліне демалысқа барып қайттық .Бізге  Альбина есімді аға менеджер толықтай малімет беріп, қонақ үйді 7 эмират ішінен біздің талғамымызға сай таңдауға үлкен көмегін тигізді. Ұйымдастырған демалысым үшін алғысымды білдіргім келеді. Демалыс толықтай көңілімнен шықты және ойлағанымдай болды. Менеджер Альбинаға атқарған жұмысы үшін көп рахмет. Толықтай ақпаратты түсіндіріп жеткізуі, асықпай жұмысын дұрыс атқарып, әрдайым өзін байсалды ұстауы өте ұнады. Бізге Альбинаның  таңдап, ұсынған қонақ үйі Copthorne Hotel Sharjah 4*, орталықта орналасқан, орналаскан жері өте керемет, қасында көптеген ресторан-кафелер және Лагуна бар, кешке серуендеуге болатын жер. (Шарджадағы басқа көптеген қонақүйлердің  қасында ештене жоқ жане орталықтан өте қашық сондықтан назар аударғаныңыз жөн).

 Жалпы сіздің агенттікке жолықпастан бұрын қаламыздағы барлық турагенттіктеріне жолығып көріп едік, барлығын салыстырғанда біреулері өте қымбат болды, бірінің бізге ұсынған демалыс уақыты сәйкес келмеді, сонымен қатар клиентке деген көзқарастары мен берген мәліметтері толық емес болды.

 Сіздің компания туралы таныстарымыз арқылы білдік, олар сіз арқылы Түркия еліне демалып қайтыпты. Сізге жолыққан кезде басқа компаниялардан өзгеше менеджер Альбина  клиентке қызмет көрсетуі және қарым-қатынасы көңілімізден шықты және біз іздеген компания екенін түсіндік.

 Барлық таныстарыма сізді міндетті түрде ұсынатын боламын. Біріншіден, менеджердің клиентке толықтай ақпарат беріп, барлық сұрақтар жағынан анық жауап беруі, екіншіден, басқа компаниялармен салыстырғанда бағаларыңыз өте тиімді.

X

Одну секунду!

У нас есть кое-что бесплатное для вас